Accessibility links

Израиль археологтары кеше Ерусалемдегі діни маңызы зор қасиетті орында қазба жұмыстарына кірісті


Ал оған палестиналықтар қатты қарсылық көрсетуде. Бұл шара кесірінен көне мұралар бүлінуі мүмкін дейді олар. Сондай-ақ, ол арадағы жол еурейлердің және мұсылмандардың қасиетті орындарын байланыстырады. Бас министр Исмаил Хания палестиналықтарды ол арадағы қазба жұмыстарын тоқтатуға шақырып отыр.

- Біз қасиетті Меккеге бара жатқан кезде Израиль Көне қаладағы Арыстан дарбазасының алдындағы қабырғаны қиратпақшы. Сондықтан, сіздерді Әл-Ақса мешітін және Палестинадағы барлық қасиетті орындарды сақтап, қорғап қалуға шақырамын, - деген Исмаил Хания.
XS
SM
MD
LG