Accessibility links

Бағдадта Ирандық бір дипломатты кепілдік тұтқынға алып кеткен


Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, Бағдадтағы Иран елшілігінің 2-хатшысы Жалал Шарафи ақпанның 4 інде ұрланған. Иран вице-президентi Рахим Машаи Мадридтен бұл жөнінде тілшілерге былай деді:

- Мен кісі ұрлаушының кім екенін әзірше білмеймін. Бірақ, бізге бейбітшілік қажет. Ал ол билік халық пен үкімет қолына өткенде ғана іске аспақ.

Иранның Ирақтағы елшісі Қаземи Қоми болса, бұл қылмыс АҚШ президенті Буштың өткен айда Ирақтағы ирандық бүлікшілдер жөнінде айтқан сөзінің салдары деген. Буш ол сөзінде Техроннан Ираққа ағып келе жатқан қолдауға тосқын қоямын деп уәде еткен болатын.
XS
SM
MD
LG