Accessibility links

Францияда бүгін Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суреттерді көшіріп басқан журналға қарсы сот басталды


Ұлы мешіт және Франция мұсылмандарының одағы ұйымы сатиралық "Шарли Ебдо" журналы мен оның директорын Дания баспасөзіндегі суреттерді көшіріп басу арқылы нәсілдік араздық туғызды деп айыптайды. Ең алғаш Дания басылымдарында 2005 жылы қыркүйек айында жарық көрген Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен карикатуралар бүкіл әлемде мұсылман қауымының ашу-ызасы мен наразылығын туғызған болатын.
XS
SM
MD
LG