Accessibility links

Халықаралық құқық қорғаушылар Түркіменстанды репрессияларды тоқтатып, реформа жасауға үндеп отыр


Нью Йоркте орналасқан Адам Құқықтарын қорғаушы “Human Rights Watch” ұйымы Түркіменстан халықаралық қауымдастықтың талабымен адам құқықтары жөнінде реформа жасамаса, жексенбі күнгі президенттік сайлауда жаңа диктатура күшіне енетін болады деп айтты. Бүгін сонымен қатар, Амнести Интернэшнл ұйымы да Түркіменстанды елдегі қуғын-сүргін, азаптауларды қойып, саясаткерлерді қамауға алу, билікке жақпағандарды елден қуу әрекеттерін тоқтататын шұғыл қадамдар жасауға шақырған. Лондонда орналасқан бұл құқық қорғаушы ұйым Түркіменстанның жаңа билігі саяси тұтқындарды босатып, қоғам алдында адам құқықтарын сыйлауға міндеттеме алуға шақырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG