Accessibility links

Палестина жетекшілері елдегі дағдарысты Мекке қаласында талқылап жатыр


Палестина президенті Махмуд Аббас пен Хамас жетекшілері мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккеде дағдарысты реттеу жөнінде келіссөздерін екінші күн өткізіп жатыр. Фатх қозғалысының жетекшісі Махмуд Аббас пен Хамас жетекшілері елдегі бірнеше аптаға созылған фракциялық қақтығыстарды тоқтату үшін билікті бөлісу келісіміне қол жеткізуге сөз беріп, сәрсенбі күні келіссөздерін бастаған болатын. Онда көтерілетін мәселелер бірыңғай үкімет құру мен Хамас тобының жетекшілігіндегі үкіметке қаржылай байкотты алып тастау жөнінде болмақ.
XS
SM
MD
LG