Accessibility links

Беларус президенті Ресейді сынға алды


Беларус президенті, автократ басшы Александр Лукашенконың Батыс бұқаралық ақпарат бұлақтарына сұхбат бере қоюы - сирек. Алайда, таяуда ол әуелі Германияның “Д Велт” газетіне, ал ақпанның 6-сы күні Ройтерге сұхбат берді. Онда Лукашенко Беларус елінің өзінің жеке жолымен жүретіндігін баса айтты. Бұл пікірді басқалар құп көрмеуде.

Беларус президенті Александр Лукашенконың айтуынша, Ресей газы бағасының екі есеге қымбаттағанына орай туындап отырған қиындықтан Беларус елі шыға алады. Алайда, қос ел арасындағы байланыс ешқашан бұрынғыдай бола алмайды, деп ол ескертіп өтті.

«Совет үкіметі құрамында болған Беларус елі Ресеймен байланыста одан әрі қала береді, деген пікір ресми Мәскеудің қате болжамы», - деді Лукашенко.

Ендеше президенттің бұл сөзі алдағы уақытта Беларус елі Батысқа қарай бет бұрады дегенді білдіре ме?

Жаңа жылдан кейін туындаған энергия саласындағы дағдарыс барысында Еуропа одағы елдеріне айдалатын мұнайдың үш күнге жабылып тасталғаны белгілі. Содан бергі аралықта Лукашенко мырза Еуропа одағымен жаңа сөйлесулерді бастау жөнінде бірнеше мәлімдемелерді жасап та тастады.

“Газ дағдарысынаның нәтижесінде Еуропа шұғыл түрде Беларус еліне назар аудара бастады. Олар Еуропаның энергиялық қауіпсіздігін Минскісіз қамтамасыз етудің қиын екендігін түсінді. Олар сондай-ақ Беларустың егеменді де тәуелсіз ел ретінде қалғысы келетінін ескермеді. Сондықтан мұның өзі Еуропа одағы үшін күтпеген жағдай болып отыр”, - деді ол.

Қаңтар айында Германияның “Д Велт” газетіне берген сұхбатында ол Батыстың ынталы шәкірті болғысы келетіндігін, күндердің күнінде Беларустың Германия немесе Швеция сияқты болғанын қалайтындығын айтқан еді. Алайда, Брюссель бұл мәлімдемелерге күмәнмен қарауда. Еуропа одағы Лукашенконы “сайлауларды әділетсіз өткізді, тәуелсіз басылымдарды қудалады” деп айыптап, ел басшыларының визасы мен мүліктеріне тиым салған болатын.

Өткен жылдың қараша айында ол блок Минск мен Брюссель арасында сөйлесулерді бастау үшін Лукашенконың 12 шартты қабылдауын талап еткен болатын. Оның ең күрделісі саяси тұтқындарды босату мәселесі еді.

Алайда, Беларус елінде саяси реформа өткізуге дайындық жөнінде Лукашенко ниет білдірген де жоқ. Қайта ол Батысты елдегі саяси оппозициямен жұмыс істеуде деп айыптаған еді.

Беларустағы оппозиция мүшелері жөнінде Лукашенко бір кездері өзінің командасында болған және оның сәтсіз мүшелері сондай-ақ “сатқындар тобы” деп баға берген еді. Лукашенконың бұл сынын Біріккен Азаматтық партия басшысы Анатол Лябедзка қабылдамай отыр.

“Халықаралық байланыстардың қомақты бөлігін жасап отырған топтың бар екендігін Лукашенко ұмытпауы тиіс. Бұл сөздер уақыты аяқталып келе жатқан саясаткердің іштарлығы ғана”, - деді ол.

Ройтерге берген сұхбатында Лукашенко денсаулық болса, саясаттан кетпейтіндігін айтқан еді. Мұның өзі ол 2011-ші жылы тағы да сайлауға түсер ме екен деген күдікті сейілтпей отыр.

«Елдегі әлеуметтік-саяси жағдай оны биліктен кетіреді», - дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG