Accessibility links

Украина президентінің Германия сапары сенбі күні Мюнхендегі кездесулермен жалғасады


Германияда сапарда жүрген Украина президенті Виктор Ющенкоға канцлер Ангела Меркел ЕуроОдақпен өзара байланыста Украинаға қолдау көрсетіледі деді. Өз кезегінде президент В.Ющенко:

-Украина Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік саясатын қалыптастырудағы өз рөлін жақсы түсінеді, өз жауапкершілігін де біледі. Өткен жыл соңындағы Ресеймен өзара даулы жағдайды БАҚ-дары түгелдей әділ көрсете алған жоқ. Дегенмен, Украина Энергия хартиясы бойынша өз мойнына алған міндеттемені толық орындайтын болады, - деді.

Сенбі күні Ющенко Мюнхенде өтетін қауіпсіздік саясаты конференциясына қатысады. Ол бас қосуға АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі Роберт Гейтс те келмек.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG