Accessibility links

Косово республикасының заңдық мәртебесі бойынша келіссөздер алдағы аптада жалғасатын болды


Оған Сербия президенті Таджичтың жаңа парламент өкілеттігі жөніндегі өтініші себепші болыпты. Бұл арада Ресей қорғаныс министрі Ивановтың айтуынша, Косоваға тәуелсіздік құқы берілсе, онда басқа бірқатар елдер де ондай мәселені көтеріп шығуы мүмкін екен.

– Егер Косовоға тәуелсіздік берілетін болса, басқа елдер де біздің Косовадан неміз кем демей ме? Ондайлар постсоветтік аймақта, сондай-ақ, Еуропадан да табылады. Сондықтан өте сақ болу қажет, - деді министр Иванов.

БҰҰ Косовоға молырақ автономиялық құқық берілуін қалайды. Бұл идеяны Румыния мен Хорватия қолдайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG