Accessibility links

Президент Назарбаевтың үлкен күйеу баласы қызметінен босатылып, елшілік жұмысына жіберілді


Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен өзінің күйеу баласы, сыртқы істер министрінің орынбасары Рахат Әлиев қызметінен алынып, Австрия еліне елші болып тағайындалды. Ал осыдан 4 күн бұрын Алматыдағы «Нұр-Банктың» бұрынғы төрағасы мен оның орынбасары тәулік бойы тұтқында ұсталып, Рахат Әлиевтің таяғын жеп, қоқан лоққысына кезіккен деп, олардың әйелдері ішкі істер бөліміне шағым жасаған болатын. «Нұр-Банкті» ол қызметкерлердің бірі абақтыда болса, екіншісінің орны белгісіз қалып отыр. Рахат Әлиев өзінің кезекті рет қызмет сатысынан төмендеуін Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастығы Ұйымына мүшелігі мәселесімен байланыстырып отырған көрінеді.

2001-жылы, Қазақстан үкіметінің құрамындағы бірқатар жас мүшелер қызметінен кеткен кезде, Рахат Әлиев Австрияға елші етіп жіберілген болатын. Ал, 2005-2006 жылдары оппозициялық екі қайраткердің өлімін де тәулесіз басылымдар Рахат Әлиевтің іс-тірлігімен байланыстырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG