Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық келіссөздердің кейбір тұстарымен келісетінін айтты


Солтүстік Кореяның ядролық мәселелер жөніндегі өкілі айтқандай, Пхеньянның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешуге бағытталған Қытай ұсынған жоба бойынша алты жақты келіссөздің делегаттары кейбір келісімдерге қол жеткізді. Бұл туралы Пхеньянның өкілі Ким Кие Гван, Бейжиндегі келіссөздерге қатысып жатқан Құрама Штаттардың өкілі, мемлекеттік хатшы орынбасары Кристофер Хилмен кездесуден кейін айтқан. Ал, американдық елші Хилдың сөзіне қарағанда, Солтүстік және Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай, Жапон және Ресей делегаттары арасында әлі де бірауыздылық болмай отыр. Бейжиндегі бұл алты жақты келіссөз бүгін де жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG