Accessibility links

Алматы жұртшылығы оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен екі серігінің қастандықпен өлтірілгеніне 1 жыл толғанын еске алды


Бүгін Алматыда, осыдан бір жыл бұрын, жанындағы екі көмекшісімен қоса қастандықпен атып өлтірілген оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу шеруі өтті. Онда Қазақ оппозициясының жетекшілері Сәрсенбайұлының өліміне жаңадан тергеу жүргізуді талап етті. Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның жүргізушісі және оққағарының оққа ұшқан мәйіттері өткен жылы Көктөбе тауынан табылған болатын. Сәрсенбайұлы Сенат аппаратының басшысы болған Ержан Өтембаевтың тапсыруымен өлтірілді деген сот үкімі шыққанымен, оппозициялық топ өлімге нағыз жауаптылар билікте отыр дегенді айтып келеді. А.Сәрсенбайұлы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оппозициядағы басым қарсыласы болған.
XS
SM
MD
LG