Accessibility links

Халықтың үлкен наразылығына қарамастан Израиль қазба жұмыстарын жалғастырады


ИЕРУСАЛИМ: Бүгін Израиль үкіметі Иерусалим қаласының ежелгі бөлігінде орналасқан Әл-Ақса мешітінің жанындағы археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыратын болып шешті. Өткен аптада басталған қазба жұмыстары Палестина халқының асқан наразылығын туғызып, осы қақтығыстардың барысында 17 палестиндік пен 15 еврей полицейі жараланған болатын. Қазба жұмысынан кейін ескі қаладан Храм тауына қарай жаңа көпір салу жоспарланып отыр. Жаңа қақтығыстарға жол бермеу үшін Иерусалим қаласының көшелеріне 100-деген полицей шығарылды.
XS
SM
MD
LG