Accessibility links

Алты жақты келіссөздің 4-інші күні де нәтижесіз аяқталды


БЕЖИН: Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келісөздің бүгінгі төртінші күні нәтижесіз аяқталды. Осы келіссөзге Жапония жағынан қатысқан өкіл Кэньитиро Сасаэ мәлімдегендей, ресми Пхеньян “тым шексіз шарттар” қойып отыр және осындай талап-шарттарын шектемейінше, бұл келіссөзде уәжге келу қиын. Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартқаны үшін, оның орнына қосымша жанар-жағар май беруді талап етті. Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония мен Солтүстік және Оңтүстік Корея өкілдерінің 6 жақты келіссөзі Бежинде өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG