Accessibility links

Иран уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатпақ емес


ТЕҺРАН: Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Батыспен арадағы талас-тартысының келіссөз арқылы шешілгенін қалайды, бірақ уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатпайды. Бүгін Теһранда сөйлеген сөзінде Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадтың мәлімдегеніндей, Иран атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен ынтымақтасады. Қауіпсіздік тақырыбы бойынша бүгін Мюнхен қаласында өтіп жатқан конференцияда Иранның ресми өкілі Әли Лариджани Иранның ядролық бағдарламасын қадағалайтын МАГАТЭ-мен арадағы барлық дау-дамайды бірнеше аптаның ішінде шешуге болатынын атап көрсетті. Алайда, Францияның сыртқы істер министрі Филипп Дуст-Блази уран шикізатын байытудың жалғаса беруіне “ешқандай жол беруге болмайтынын” мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG