Accessibility links

Ирақта қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің саны 3110-нан да асты


БАҒДАД: Бүгін жанкешті-террорист өзінің қопарғыш толтырылған автокөлігімен Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан елді-мекеннің полиция бөлімін соғып, жарылыстан кем дегенде 12 адам қаза тапты, тағы 25 кісі жараланды. Ирақ полициясының хабарлауынша, бұл қастандық Әт-Тикрити қаласының жанындағы Әд-Дәуір қаласында болды. Ирақтағы АҚШ армиясының хабарлауынша, бүгін Бағдадтан солтүстік-шығысқа қараған Диала өлкесінде болған қақтығыста 1 АҚШ жауынгері оққа ұшты. Соғыс қимылдары басталған 2003-інші жылдан бері Ирақта 3100-ден де көп АҚШ жауынгері мерт болды.
XS
SM
MD
LG