Accessibility links

Түркіменстандағы президент сайлауында Г.Бердімұхаммедов жеңіске жетеді


АШХАБАД: Түркіменстандағы бүгінгі президент сайлауы заңға сәйкес өтті деп танылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мұрад Каррыевтің мәлімдеуінше, заңға сәйкес, дауыс берген сайлаушылардың саны 50 пайыздан асып, жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де шашамен 66 пайызы дауыс беріп үлгерген. Президент тағына марқұм С.Ниязов құрып кеткен елдегі жалғыз саяси партияның 6 мүшесі үміткер түсуде. Саяси сарапшылардың ортақ пікірінше, экс-вице-премьер, қазір мемлекет басшысының міндетін атқарушы Гурбангулы Бердімұхаммедов жеңіске жетеді. Президенттің таққа отыру рәсімі 14-інші ақпанға тағайындалып отыр.
XS
SM
MD
LG