Accessibility links

АҚШ екінші “қырғи-қабақ соғысының” басталғанын қаламайды


МЮНХЕН: Бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі Робертс Гейтс қауіпсіздік мәселесінде НАТО-ға мүше мемлекеттер Ресеймен қоян-қолтық іс атқаруға тиіс деп мәлімдеді. Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан конференцияда Р.Гейтс: “Бізге бір қырғиқабақ соғысы жетеді” деп атап көрсетті. Р.Гейтс мұндай пікірін Ресей президенті В.Путиннің “дүние жүзінде қауіпті аймақтар құрды” деп Америка Құрама Штаттарын айыптаған сөзінен 1 күн кейін айтып отыр. Ауғанстанға тоқтала келіп Р.Гейтс НАТО ұйымындағы одақтастарын осы елге әскери және экономикалық көмек беру жөніндегі уәделерін орындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG