Accessibility links

Тәліптер “Кажаки” су-электр бөгетіне шабуыл жасауды көздеп отыр


КАБУЛ: Ауғанстандағы Гильменд өлкесінің әкімі Асадулла Уафа Пәкістаннан Оңтүстік Ауғанстанға қарай 700-дей тәліптің бұзып өткенін мәлімдеді. Оның хабарлауынша, тәліптер Кажаки (Kajaki) су-электр бөгетіне шабуыл жасауды көздейді. Осы бөгет үшін Талибан күштері мен НАТО әскерінің арасында кескілескен шайқас болған еді. АҚШ үкіметі Ауғанстанның оңтүстігін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін осы бөгетті қалпына келтіруге миллиондаған доллар қаржы жұмсап отыр.
XS
SM
MD
LG