Accessibility links

Саудия патшасы Таяу Шығыс проблемасын шешуге Ресей үлес қоса алады деп санайды


ӘР-РИЯД: Таяу Шығыс елдеріне 3 күндік сапарының бағдарламасы бойынша Ресей президенті В.Путин бүгін Қатарға аялдайды. Сауд Арабиясының патшасы Абдулламен арадағы келіссөзінде В.Путин 2 ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін және бірқатар халықаралық проблеманы, оның ішінде Ирақтағы ахуалды және Израиль мен Палестина арасындағы жанжалды талқылады. Саудия патшасы Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыруға Ресей айтарлықтай үлес қоса алады деп есептейді. В.Путин Қатардан кейін Иорданияға да ат басын бұруға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG