Accessibility links

Косовоға тәуелсіздік беру - өзгелерге де түрткі болуы мүмкін


БРЮССЕЛЬ: Бүгін БҰҰ-ының арнаулы өкілі Мартти Ахтисаари Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерін Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі туралы өзінің ұсынысымен таныстырады. Министрлердің Брюссельдегі бас қосуында осы күні Еуроодаққа төрағалық ететін Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайэр Ресеймен теке-тіреске бармас үшін, Брюссельдің ол ұсынысты Мәскеумен талдайтынын хабарлады. Ресей Косово өлкесіне тәуелсіздік беру өзге аймақтардың да тәуелсіздікті талап еткен проблемасын туғызуы мүмкін деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG