Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық бағдарлама бойынша алтылық ұсынысына көне бастағандай


Бейжиңде өтіп жатқан 6 жақты келіссөздерден мәлім болғанындай, Солтүстік Корея негізгі ядролық реакторын және кейбір атомдық қондырғыларын жабуға келіскен көрінеді. Сонымен, Йоңбион реактор кешені 60 күнде жұмысын тоқтатпақ. Ол үшін Солтүстік Корея 50 мың тонна мұнай жанармайын немесе соған тең экономикалық көмек алмақ. Кейінірек ол келісім жалғасатын болса, онда Солтүстік Корея тағы да 1 млн. тонна мұнай алмақ.
XS
SM
MD
LG