Accessibility links

Ресей президенті Владимир Путиннің Мюньхендегі сөзі нені аңғартты?

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ресей президенті Владимир Путин Мюньхендегі жыл сайынғы қауіпсіздік конференциясында ақпанның 10-ы күні сөз сөйледі. Осы конференцияға Германияның Сыртқы істер бойынша кеңесінің өкілі, профессор Еберхард Сандшнайдер де қатысқан еді. Ол «Азаттық» радиосы тілшісімен өз пікірін бөліскен болатын.

Ресей президенті Владимир Путин Мюньхендегі халықаралық қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзі барысында әлемге өзінің бір жақты көзқарасын тықпалағысы келеді, деп Құрама Штаттарын айыптады. Путин сондай-ақ АҚШ-тың ықпал аймағын белгілеуде Еуропа одағы болмашы әрекетпен шектелуде, деді. Ресей президентінің бұл сыни пікірлеріне еуропалық кейбір саясаткерлер өз үндерін қосып жатты. Путин сонымен бірге НАТО, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын да сынға алды. Еуропалықтардың осы пікірлерге көзқарасы жөнінде профессор Сандшнайдер өз пікірін «Азаттық» радиосына білдірген болатын. Оның айтуынша, алдағы санаулы күндер ішінде Германия саясатекрлері ойлана келіп, Путиннің аталған көзқарастарын НАТО-Ресей және Еуропа одағы мен Ресей қарым-қатынастары барысында талқылауымыз керек, деп шешуі мүмкін. Осылайша пікірталастар одан әрі өрби береді, дейді профессор. Бұл сапарында Путин өз бағытын мейлінше айқын білдірді.

«Ендеше, Еуропа үшін Уашингтон және ресми Мәскеу ұсынған жолдардың бірін таңдау керек болар?» - деген сауалға профессор Сандшнайдер:

“Бұл жерде Құрама Штаттар тарапынан, Ресей жағынан, тіпті Қытай жағынан да күтілулер бар. Еуропа осы орайда өз бағытын табуы тиіс. Бұл, әрине, Еуропа одағы үшін оңай емес. Содан кейін біздің дәстүрлі әріптесіміз Құрама Штаттармен де, жаңа да маңызды әріптесіміз Ресеймен де әріптестік орнатуымыз керек. Халықаралық дәрежедегі кез-келген ірі жанжалдарды Ресейдің қатысуынысыз шешу өте қиын. Ол тіпті Косово, Иран және басқа да елдерге қатысты проблема болсын, бізге Ресейдің бағыты маңызды. Мұның өзі Еуропа одағының шешуі тиіс, біздер үшін алдағы бірнеше жыл ішінде орындалуы маңызды үдеріс,” – деп жауап берді.

Профессордың пікірінше, тұтас Еуропаның әлемдік деңгейдеге қызығушылықтарын жекелеген ел, мемлекет жалғыз-жарым жүріп қорғай алмақ емес. Сондықтан әлемдік деңгейдегі Еуропаның тұтастай бағытын нығайту және қорғау үшін Еуропа одағының маңызы зор, дейді профессор Сандшнайдер «Азаттық» радиосына берген сұхбатында. Еуропалықтар үшін ең үлкен проблема өзімізге өзіміздің сенімділігімізді нығайту, дейді ол. Ресейдің энергетикалық қуаты және Қытайдың экономикалық дамуы үдерісмен біз санасыуымыз керек, дейді Сандшнайдер мырза.
XS
SM
MD
LG