Accessibility links

Әлем бойынша бір миллиардтан астам адамның таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр


Ал, осындай лас суды тазалайтын арзан сүзгіні ойлап тапқан адам арнайы сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ тұқымы азайып бара жатқан тірі жан иелерінің назардан тыс қалғандарының топырақ тазалығы үшін қосар үлесі зор екен. Енді осы аптадағы ғылыми кейбір жаңалықтарға тоқталсақ.

Құрамында тотияйынның бар екендігі судың түсінен де, дәмінен де білінбейді. Мысалы, Құрама Штаттарда орналасқан Джордж Масон университетінің химия бойынша профессоры Абдул Хуссам бала кезінен өз отаны Бангладеште сондай суды ішіп өсті. Дегенмен оның отбасы мүшелерінің сол тотияйынның әсерін әлсірететін диеталық тамақ ішуге мүмкіндіктері бар болатын. Алайда, көпшілік тұрғындардың ондай мүмкіндіктері болған жоқ. Құрамында тотияйыны бар суды ішу салдары өкпе, тері және басқа да рак ауруларына, сондай-ақ жеңіл түрінде бұлшық еттердің әлсізденуі, тершеңдікке әкеліп соқтыратын. Хуссам мырза өзінің соңғы 10 жылдағы ғылыми өмірін суды тотияйыннан тазалайтын сүзгі ойлап табуға арнаған. Алайда, оның Бангладештегі отандастарының ондай сүзгіні сатып алуға қалтасы көтермейді. “Пайдаланылған материалының құнына қарай ол сүзгіштің бағасы 35 пен 40 доллар шамасында боп қалады. Алайда, мұның өзі азаматтардың бір айлық жалақсы көлеміне шамалас болып келеді”, дейді ғалым. Әлем бойынша тотияйыны бар су талай елдерден кездесіп қалады. Ол негізінен жер асты су құрамында болады екен. Мысалы, Қытай, Аргентина, Чили, Құрама Штаттар, Үндістан және Бангладеште жер қыртыстарынан табылған. Сондай-ақ, кен өндіру жұмысы барысында өндіріс қалдықтарының ауыз суды былғауы кесірінен де тотияйын суға араласып жатады екен. Мысалы, Өзбекстанның Зеравшан өзеніне кен өндіру барысында улы заттар қосылып кеткен. БҰҰ-ның 2002-ші жылғы баяндамасына қарағанда Өзбекстан топырағындағы тотияйын деңгейі қалыптағыдан 6 тіпті 10 есе көп екен.

Ашқан жаңалығы үшін Хуссам мырза бір миллиард доллардан да көп қаржыға ие болған-ды. Ғалым оның 70 пайызына кедей отбасылары үшін су сүзгі сатып алмақшы. Ал 25 пайызын осы саладағы зерттеулерін одан әрі жалғастырмақ үшін, сондай-ақ қалған 5 пайызын университетке қоспақшы.

Уашингтон университетінің консервация бойынша биолог-маманы Девид Стокстың АҚШ-та шығатын “Адамзат экологиясы” журналында арнайы мақаласы жарияланды. Оның зерттуіне қарағанда құстардың ішіндегі адамдарға ең танымалы ашық түсті бояуға иелері екен. Мысалы, қызғылт, қызыл және сары түсті қауырсынды құстармен қатар адамдарға көбірек ұнайтыны көзі және басы сәбидікіндей үлкен боп келетін жан-жануарлар екен.

Портландтағы Ксеркс қауымдастығы ұйымының директоры Скот Хофман Блактың әріптестері омыртқасыздар тобын қорғайды екен. Тұқымы азайып барады деп қорғауға алынған үкі, қасқыр, аюлар жөнінде әркім-ақ біледі. Алайда, жер құртын қорғаудың қаншалықты маңызды екендігіне адамдар мән бермейді, дейді ғалым. Топырақтың тазалығы үшін ол құрттардың атқаратын рөлі ғаламат. Алайда, егістікке химиялық тыңайтқыштардың қолданылуы олардың өміріне айрықша қатер төндіруде, дейді ғалым. Хофман Блак тобының айтуынша әлемдегі барлық жан-жауар, тіршілік иелері түрлерінің 72 пайызын осы құрт-құмырсқалар құрайды екен. Ал, тіршілік етулері қауіпті бола түскен олардың түрлері бірнеше ондаған мыңдап саналады екен.
XS
SM
MD
LG