Accessibility links

М.Ас-Садр – шынында да Ирақтан Иранға қашты ма?


ВАШИНГТОН: Американың Эй-Би-Си телекомпаниясының армия басшыларына сілтеме жасап таратқан хабарына қарағанда, Ирақтағы “Меһди армиясы” құрамасының лидері Мұқтада Ас-Садр 2 немесе 3 апта бұрын Бағдадтан кетіп, өзінің отбасы тұратын Теһранға қашқанға ұқсайды. Әлі толық расталмаған осы хабарға сәйкес, Ас-Садр АҚШ бастаған коалициялық күштер “өзін бомбалай ма?” деп қорыққан сияқты. Ас-Садрдың не өзі, не оның өкілдері әзірше сыр білдірмей отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG