Accessibility links

Корея түбегін ядролық қарусыз аймаққа айналдырудың “алғашқы қадамы”


ВАШИНГТОН: Ресми Вашингтон Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық Келісімді жылы қабылдады. Бежинде бірнеше күн бойы жалғасқан 6 жақты келіссөздің нәтижесінде қол жеткен осы келісімге сәйкес, ресми Пхеньян Йонбендегі ядролық реакторын 2 айдың ішінде тоқтатып, бірқатар ядролық бағдарламасын жабуға міндеттенеді, оның есесіне Солтүстік Кореяға экономикалық көмек беріледі. АҚШ президенті Дж.Буш бұл Келісімді “дипломатияның жақсы мүмкіндігі” деп бағаласа, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс: “Корея түбегін ядролық қарусыз аймаққа айналдырудың алғашқы қадамы ғана” деп сипаттады. Бежиндегі 6 жақты келіссөзге 2 Корея мен АҚШ, Ресей, Қытай және Жапония қатысты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG