Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы қосымша 2 батальон сұрап отыр


МОНС (Бельгия): Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы, АҚШ генералы Банц Крэддок Ауғанстанға қосымша әскерін жіберуге келіспеген одақтас елдер өз әскерлерін қатерге тігеді деп ескертті. Бельгияның Монс қаласында журналистерге берген сұхбатында генерал Крэддок Ауғанстанға қажетті халықаралық күштердің 93-94 пайызы ғана барлығын атап көрсетті. НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің Севилья қаласындағы бас қосуында АҚШ генералы тәліптерге тойтарыс беру үшін Ауғанстанға қосымша 2 батальон мен едәуір қосалқы күштерді аттандыруға шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG