Accessibility links

Су-электр бөгетін НАТО-ның 300-ден аса жауынгері соғыс авиациясы күзетеді


КАБУЛ: Ауғанстандағы НАТО күштері елдің оңтүстігіндегі ірі су-электр стансасына дүйсенбі күні кешкісін шабуыл жасамақ болған тәліптерге тойтарыс берді. НАТО күштерінің мәлімдемесінде айтылғандай, бұдан былай “Қажаки” су-электр бөгетін НАТО-ның 300-ден астам жауынгері күзетеді. Көмекке соғыс авиациясы мен ауған армиясының бөлімдері жіберілді. Дүйсенбі күні Гильменд өлкесінің әкімі осы бөгетке шабуылдау үшін Пәкістаннан 700-дей тәліптің бері өткенін хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG