Accessibility links

Р.Әлиев «Нұрбанктың» бұрынғы екі басшысының әйелдерін сотқа бермекші


Қазақстан президентінің үлкен күйеу баласы Рахат Алиев өз бақылауында болған «Нұрбанктің» бұрынғы екі басшысының әйелдерінің үстінен сотқа шағымданбақшы. "Kazakhstan Today" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиевтің адвокаты Балмағамбетова Жолдас Теміралиев пен Әбілмәжін Ғылымовтардың әйелдері Рахат Әлиевтың ар-намысына нұқсан келтірген деп, оларды сотқа бермекші екенін айтқан. Осыған дейін «Азаттықтан» берілгендей, ақпанның бірінде Армангүл Қапашева мен Нәзира Базарбаева Алматыдағы өз үйлерінде журналистерді жинап, күйеулерін ұрлап әкетіп, қамауда ұстап отыр деп Рахат Әлиевті айыптаған болатын. Сонымен қатар, қазақстандық оппозиция жетекшілері де Әлиевті белгілі екі оппозиция серкесінің өліміне қатысы бар деп сынап келеді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG