Accessibility links

Түркіменстандағы президенттік сайлауда Бердімұхаммедовтың жеңіске жеткені хабарланды


Түркіменстанның Сайлау Комиссиясының басшысы Мұрад Кариев елдегі президенттік сайлауда Гурбангулы Бердімұхаммедовтың жеңіске жеткенін жариялады. Жексенбілік сайлауда 89,23 процент дауыс алғаны жөнінде жарияланған соң көп ұзамай, Бердімұхаммедов бүгін таңертең Халық мәслихатында ант қабылдағанда былай деген:

“Түркімен халқы мен күллі әлем президенттікке кандидаттар арасындағы бәсекелестік ашық әрі сенімді жағдайда өткенін көрді”.

Бердімұхаммедовтың инагурациясына Иран президенті Махмуд Ахмединежад, Ресей премьер-министрі Михайл Фрадков, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Боучер, Ауған президенті Хамид Қарзай және Түркия, Украина мен Грузия жетекшілері қатысқаны айтылуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG