Accessibility links

Г.Бердімұхаммедов – Түркіменстанның жаңа президенті


АШХАБАД: Кеше Түркіменстандағы президент сайлауында Гурбангулы Бердімұхаммедовтің жеңіске жеткені жарияланып, ол жаңа президент есебінде ант берді. Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, 90 пайыз дауыс жинаған Г.Бердімұхаммедов желтоқсан айынан бері мемлекет басшысының міндетін атқарып келген болатын. Өткен жексенбі күні болып өткен бұл сайлау – Түркіменстан тарихындағы бірнеше балама үміткер дауысқа түскен ең бірінші сайлау болатын. Бірақ 6 үміткердің барлығы да ресми түрде тіркелген билік партиясының өкілдері болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG