Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Ауғанстанға көбірек әскер жіберетінін жариялады


Буштың мәлімдеуінше, Америка Құрама Штаттары Ауғанстанға қосымша 3200 әскер жібереді. Буш Ауғанстан үшін Конгрестен 11 миллиард 800 миллион доллар көмек сұрайтынын айтты. Президент Буш, сондай-ақ, НАТО елдерін Талибан соғысушыларымен күресу үшін Ауғанстанға өз күштерін жіберуге шақырды. Буштың айтуынша, әскери күштер мен қаржы Ауғанстан президенті Хамид Карзайға ортақ дұшпандарды жеңу үшін көмектесетін болады.
XS
SM
MD
LG