Accessibility links

Дж.Буш Иран жетекшілерінің Ирақты бомбамен қамтамасыз етуге қатысы анық емес дейді


АҚШ президенті Иранның жоғары жетекшілерінің Ирақ бүлікшілеріне қару-жарақ жіберуге қатысы бар-жоқтығын білмеймін деген. Бірақ та ол Вашингтондағы баспасөз-мәслихатында Иранның Революциялық күзет корпусы Ирақтағы американ солдаттарына қарсы қолданылған қаруларды жеткізді деген сенімде болғанын айтқан. Бұның алдында Ирақтағы американдық ресмилер Иран үкіметінің жоғары шенді шенеуніктері Ирақ бүлікшілерінің қарулануына көмектесуде деп айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG