Accessibility links

АҚШ Конгресі Ирақтағы әскерлердің санын ұлғайтуға қарсы


Конгрестің өкілдер палатасы президент Буштың Ирақта американ күштерін көбейту туралы жоспарын қолдамайтын шешім қабылдады. Конгрестегі басымдық болатын демократтардың қатарына бірқатар республикандықтар да қосылып, Ираққа 21500 қосымша әскер жіберу жөніндегі президенттің жоспарына наразылық танытты. Әрине, бұндай қарардың орындалуы міндетті болып табылмайды, дегенмен де оны қабылдаушылар президент соғысқа қарсылық қысымын сезінген соң, Ирақтағы солдаттарды үйлеріне ертерек қайтарар деп үміттенеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG