Accessibility links

Албанияда жергілікті билік сайлауы болып өтті


ТИРАНА: Кеше Албанияда жергілікті биліктің сайлауы болып өтті. 3 млн.-ға жуық сайлаушы қалалық және ауылдық билік өкілдеріне дауыс берді. Барлық үміткерді премьер-министр Сали Бериша бастаған 10 партиялық коалиция мен Албания астанасы - Тирана қаласының әкімі Эди Рама бастаған 5 оппозициялық партия ұсынды. Шетелдік бақылаушылар бұл сайлауды келешекте НАТО мен Еуроодаққа мүше болып қабылдауы мүмкін Албания үшін емтихан болды деп бағалады.
XS
SM
MD
LG