Accessibility links

Ауғанстанда 8 АҚШ жауынгері қаза болып, 14-і жараланды


КАБУЛ: Ауғанстанда коалициялық күштерге қарайтын тікұшақтың апатынан 8 АҚШ жауынгері қаза тауып, тағы 14-і жарақат алды. Бұл апат кеше таңертең Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Забуль өлкесінде болды. Әскерилердің хабарлауынша, тікұшақтың апатына моторының істен шығуы себеп болған көрінеді. Сенбі күні 25 қарулы адам елдің шығысындағы Пактия өлкесіндегі мешітте намаз оқып отырған 5 діндарды ұстап, олардың екеуін және 1 полиция қызметкерін атып кетті. Дәл осы күні НАТО жауынгерлері террорист деп қабылдаған жергілікті тұрғынды байқамай өлтіріп алды.
XS
SM
MD
LG