Accessibility links

“Макдональдс” мейманханасында 200 грамға тең қопарғыш жарылды


С.-ПЕТЕРБОР: Ресей милициясы С.-Петербор қаласының орталығындағы “Макдональдс” мейманханасында кеше болған жарылыстың себептерін тергеу үстінде. Шенеунектердің хабарлауынша, ол жарылыстан кем дегенде 6 адам жапа шекті. Жараланғандардың бірі неміс турисі көрінеді. Ресми билік С.Петербордың орталық даңғылы болып табылатын “Невский проспект” көшесіндегі бұл жарылыстың не террористік қастандық па, не жай қылмыс па - оған түсініктеме бермей отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG