Accessibility links

Халықаралық қоғам Палестинадан Израиль мемлекетін мойындауды талап етуде


ИЕРУСАЛИМ: Бүгін Иерусалимде Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт пен Палестина автономиясының төрағасы М.Аббастың және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың кездесуі өтеді. Осы кездесудің қарсаңында кеше Э.Ольмерт егер Палестинаның жаңа ұлттық бірлік үкіметі Израиль мемлекетін мойындамаса, онда АҚШ пен Израиль ол үкіметпен ынтымақтаспауға келіскендерін мәлімдеді. Кеше Райс ханым Э.Ольмертпен және М.Аббаспен жеке-жеке кездесті. Бүгін олар Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру мүмкіндігін талқылауға тиіс. Халықаралық қоғам олардан Израиль мемлекетін мойындауды талап ету үстінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG