Accessibility links

Алдағы апталарда Британияның кей әскерлері Ирақтан шығарылуы мүмкін деп хабарланды


Бүгін Британия премьер-министрі Тони Блэр кей британдық әскерлердің Ирақтан шығарылуына байланысты мерзімді жариялайды деп күтілуде. Бұл туралы Британия бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап отыр. Бірақ Тони Блэрдың кеңсесі бұл хабарларды әлі растаған жоқ. Би-Би-Си мен "The Sun" басылымының хабарлауынша, алдағы апталарда Британияның 1500 сарбазы Ирақтан шығарылуы мүмкін. Қазір Ирақта шамамен 7 мың ағылшын әскері бар.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG