Accessibility links

Еуроодақ Өзбекстанда қамауға алынған тәуелсіз журналист У.Ниязованың ісін қадағалап отыр


Еуропа Одағы тәуелсіз журналист әрі адам хұқын қорғаушы Умида Ниязованың ісін қадағалап отыр. Бұл туралы Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пиер Морел “Азаттық” радиосының өзбек қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді. Морелдің айтуынша, Еуроодақ Умида Ниязоваға көмектесу үшін Ташкенттегі Германия елшілігімен бірге жұмыс істеуде. Журналист Ниязова өткен айда қамауға алынған болатын. Оған “шекарадан заңсыз өтті және қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін материалдарды таратты” деген айыптар тағылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG