Accessibility links

МАГАТЭ Иранның уран байытуды тоқтатпай отырғаны жайлы баяндама жасамақшы


БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі Қауіпсіздік Кеңесінің талабына сәйкес, Иранның уран байытуды тоқтатпай отырғаны жайлы жұма күні есебін жариялауы керек. Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмединежад тағы да Иран ядролық энергия өндіруді өзінің құқы деп қарайды және оны зерттеу жұмысын тоқтатпайды дегенді қайталады. Құрама Штаттар бұл Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға қарсы санкция енгізуді жоспарлауына әкеледі деді.
XS
SM
MD
LG