Accessibility links

Ирақта 12 адам құрбан болды


АҚШ күштері кеше Ирақтың Рамади қаласында бүлікшілермен соғысты. Хабарларға қарағанда, 12 адам құрбан болған. Ал Фалуджадағы рейд барысында АҚШ әскерилері 3 көлік бомбасы мен химикалық заттар сақталған қойманы тапқан. Осы аптаның басында Ирақта ішінде газ тәрізді хлор болған жүк автомобилі қарапайым халық тұратын аймақта жарылған болатын.
XS
SM
MD
LG