Accessibility links

Қазақстан прездиентінің үлкен күйеу баласы төңірегінде тағы да дау-жанжал өрбіп отыр


Ақпан айы Рахат Әлиев үшін қарбалысқа толы ай болды. Екі адамды ұрлап әкетіп, соққыға жықты деп айыпталған ол, әлгі өзін айыптаушыларды сотқа берді. Содан кейін қайын атасы Нұрсұлтан Назарбаев оны үкіметтегі қызметінен босатып, Австриядағы Қазақстан елшісі қызметіне екінші рет жіберді.

Рахат Әлиев кем дегенде бір банк қызметкерін ұрлатып әкетіп, өзі соққыға жыққан деп айыпталуда. Осылайша өзін айыптаушыларды ол сотқа да беріп үлгерген еді. Осыған қатарлас уақытта Р.Әлиев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен кетіріліп, Австрияға Қазақстан елшісі етіп жіберілді. Бұл Әлиевтің өз айналасындағы дау-дамайды басу үшін Австрияға алғашқы жіберілуі емес. Рахат Әлиев - Дариға Назарбаеваның жұбайы, мамандығы бойынша - дәрігер. Ол Қазақ салық полициясы департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитеті және президенттің қауіпсіздік қызметінде жұмыстар атқарды.

Қазақстандағы оппозиция топтары Рахат Әлиевті президенттің күйеу баласы болғаны үшін арнайы жеңілдіктерге ие деп, сондай-ақ әртүрлі жанжалдар мен қылмыстық істерге қатысы бар деп айыптап келеді. Мысалы, таяудағы жанжалдың бірі бойынша, Рахат Әлиев «Нұрбанктың» төрағасы Әбілмәжін Ғылымов пен төраға орынбасары Жолдас Темірәлиевті әңгімеге шақырып, содан кейін ол екеуін Алматыдағы бір ғимараттарын сатуға мәжбүрлеу үшін 24 сағат бойы ұстаған. Бір күннен кейін үйіне келген Темірәлиев зайыбы Армангүл Қапашеваға не болғандығын айтып берген. Салық полициясына шақырылғаннан кейін ол жоқ болып кетеді. Осыдан кейін күйеуінің айтқандарын оның зайыбы Армангүл бұқаралық ақпарат өкілдеріне қайталап айтып берген еді. Қаңтардың 23-інен бері әлі күнге Теміралиевтен хабар жоқ. Ал, Ғылымов болса түрмеде жатқан көрінеді. Бұл екі азамат ұрланған 22-ші қаңтардан төрт күн өткеннен кейін Әлиевтің сатуға екі азаматты мәжбүрлемек болған әлгі ғимарат өте арзан бағаға сатылған екен. Рахат Әлиев өзіне жала жапты деп, Армангүл Қапашева мен Ғылымовтың зайыбы Нәзира Базарбаеваны сотқа берген болатын. Қапашева өзінің жазықсыз екендігін айтуда.

Армангүл Қапашеваның мәлімдемесін жариялады деп Әлиев мырза республикадағы “Свобода слова”, “Тасжарған”, “Время” басылымдарын да сотқа берген болатын. Бұл сот ісі әлі аяқталған жоқ. Алайда, арыз беруші де қазір Қазақстанда емес. Осы іс төңірегіндегі дау-дамайлар ұлғайып кеткеннен кейін Әлиев екінші рет Венадағы елшілік басшылығына жіберіліп отыр.

Әлиев Австрияға елші қызметіне алғаш рет 2002-ші жылы жөнелтілген болатын. Себебі, содан бір ай бұрын үкіметтегі бай ресми жастар өкілдері Қазақстанның Демократиялық таңдауы оппозициялық тобын құрғаны белгілі. Қайын атасы, яғни президент Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен кетіруді жоспарлады, деп бұл топ Әлиевті айыптаған еді. Жас саясаткерлер арасындағы аталған шайқас қыза түскеннен кейін ең соңында іске Назарбаевтің өзі араласқан болатын. Артынша Әлиев Австрияға қызметке жіберіліп, ал Демократиялық таңдау қозғалысының басшылары Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әблязов сыбайласқан жемқорлық пен қызметті асыра пайдаланды деген айыптармен түрмеге жабылған еді. Бұл жолы Әлиевтің Австрияға жіберілу себебі ресми түрде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығына қол жеткізуге көмектесу үшін деп түсіндірілді. Осылайша, президенттің күйеу баласы тағы бір дау-дамайдан мәжбүрлі түрде алыстатылды.
XS
SM
MD
LG