Accessibility links

Хабарларға қарағанда, Британия Ауғаныстанға тағы 1 мың әскерін жіберуді жоспарлап жатыр


Британиялық ақпарат көздері, үкіметтің Ауғаныстанға қосымша бір мың әскер жіберуді жоспарлап жатқанын айтуда. ББС мен "The Guardian" газеті елдің Қорғаныс министрі алдағы дүйсенбі күні оның егжей-тегжейі туралы айтады деген. Қазіргі таңда Ауғаныстанда Британияның 5 мың әскері болса, оның көбісі бүлікшілдер жиі көтеріліп жүрген оңтүстік жақта орналасқан. Осының алдында Британия Ирақтағы әскерінің 1600-ын алдағы айда шығаратынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG