Accessibility links

Ресей Иранға қарсы көп санкция салу қаншалықты тиімді болады деген мәселені көтеруде


Бүгін БҰҰ-дағы Ресей елшісі Иранға қарсы көп санкция салу тиімді бола ма деген мәселені алға тартты. Виталий Чуркиннің сөзіне қарағанда, басты мақсат Иранның ядролық бағдардамасы мәселесін дипломатиялық жолмен шешу керек болды. Ол бұл сөзін Иранның уран байытуды тоқтату қажеттігін талап етіп берілген мерзімге жауап бермей отырғаны жөнінде МАГАТЭ-нің есебінен кейін айтты. Құрама Штаттар, Британия мен Франция Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына мән бермей отырған Иранға көбірек санкция енгізуді ұсынады.
XS
SM
MD
LG