Accessibility links

АҚШ вице-президенті Иран ядролық алып елге айналмауы керек деді


Бүгін АҚШ вице-президенті Дик Ченей Құрама Штаттар мен оның одақтастары Иранның ядролық алып елге айналуына жол бермеу керек деді. Ол бұл мәлімдемесін Сидней қаласында Австралия премьер министрімен кездесуінде айтты. Дик Ченей Уашингтон Иранның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуге тырысады дей келе, бірақ Иран Ислам Республикасының атом қаруын иеленбеуі үшін күш қолдану мүмкіндігін де жоққа шығарудан да бас тартты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG