Accessibility links

Жолаушы кемесіндегі өрттен қаза болғандардың саны 62-ге жетті


ДЖАКАРТА: Индонезиядағы жолаушы кемесінен шыққан өрттен құрбан болғандардың саны бүгін 41-ге жетті, оған қоса теңіз бетінде қалқып жүрген тағы 21 мәйіт табылды. Өткен бейсенбі күні жолаушы кемесінен өрт жалыны шыққанда, 300-ге жуық жолаушының барлығы суға секіріп, бірнеше ондаған жолаушының хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын. Бұл қайғылы оқиға кеме Джакартадан ұзап шыққан кезде болды.
XS
SM
MD
LG