Accessibility links

“Палестина түйіні” әділ шешілгенде ғана Таяу Шығыста тыныштық орнайды


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның премьер-министрі Шауқат Әзиз Таяу Шығыстағы бейбітшілік Палестина проблемасының әділ шешілуімен тікелей байланысты болады деп санайды. “Ислам Конференциясы Ұйымының” Бас хатшысы Экмеледдин Иһсаноғлымен және 7 мұсылман мемлекетінің сыртқы істер министрлерімен бүгін Исламабадта басталған бас қосудың барысында Ш.Әзиз осылай деп мәлімдеді. Мысыр мен Индонезияның, Иордания мен Малайзияның, Пәкістан мен Сауд Арабиясының және Түркияның министрлері Израиль-Палестина жанжалына, Ирақтағы толастамай жалғасқан қантөгіске және Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі саяси дағдарысқа ерекше назар аудармақшы...

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG