Accessibility links

Иран ғарышқа өзінің алғашқы зерттеу зымыранын ұшырғанын хабарлады


Иранның ғарыштық зерттеу орталығы басшысының орынбасары Әли Акбар Голроу мәлімдегендей, ол зымыран 150 километр биіктікке көтерілген, бірақ орбитада қалмаған. Ұшырылған зымыран парашют арқылы жерге оралды, деді Голроу. Бұл туралы жексенбі күні Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Оның алдында зымыранның ішінде зерттеу материалдары бар деп хабарланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG