Accessibility links

Бүгін әлемнің алпауыт елдері Иранға қысым жасау жолдарын талқылайды


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі мен Германия бүгін Лондонда жиналып, уран байыту бағдарламасын тоқтатудан бас тартқан Иранға қысым жасау жолдарын талқылайды. Жексенбі күні Иран президенті Махмұд Ахмадинежад қазір Иранның ядролық бағдарламасы поезд сияқты “оның тежегіші мен шегінісі жоқ” деп айтқан болатын. Осыған байланысты АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс жауап қайтарды. “Fox news” телеарнасына берген сұхбатында Райс ханым Иран ядролық қару-жараққа қатысты әрекеттерін тоқтатуы тиіс, сонда ғана Америка Құрама Штаттары сауда мен саяси мәселелер және кездесулер жөнінде Теһранмен талқылау өткізуге дайын болады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG