Accessibility links

АҚШ вице-президенті Исламабадқа келді


ИСЛАМАБАД: АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейни бейресми сапармен Пәкістанға келді. Хабарға қарағанда, Д.Чейни Пәкістан президенті П.Мушаррафтан Ауғанстандағы тәліптердің жаңа шабуылына және “Әл-Қаиданың” қайта бас көтеруіне қарсы күреске көмек беруін талап етуге тиіс. Д.Чейни П.Мушаррафпен Исламабадта бүгін кездесті. Бүгінгі “Нью-Йорк Таймс” газетінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дж.Буш егер Пәкістан “Әл-Қаидаға” қарсы табанды түрде күреспесе, онда Конгресс Пәкістанға беретін көмегін қысқартуы мүмкін деп, П.Мушаррафқа қатаң ескерту жолдамақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG